08.01

img



Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ҚТЖ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы қызметкерлер мен тұрғындар арасында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған экологиялық жауапкершілік пен ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттарын енгізуді жалғастыруда.

2025 жылы өтеулі негізде қайта өңдеуге 41,7 мың кг астам қалдықтар берілді, оның ішінде:

  • макулатура – 1 731,70 кг,
  • пластик – 5 632,81 кг,
  • аккумуляторлық батареялар – 26 316,80 кг,
  • пайдаланылған кеңсе техникасы – 2 635 кг,
  • автомобиль шиналары – 5 380 кг,
  • металл бөшкелер – 28 кг,
  • картон – 6,5 кг.

Дирекцияның барлық филиалдарында 40 мыңнан астам қызметкердің қатысуымен 604 сенбілік өткізілді. Жиналған аумақ ауданы 238 мың м2-ден асты, 316 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде Дирекцияның желілік кәсіпорындарында 257 экологиялық акция жүзеге асырылды, оның ішінде:
«Қағазсыз күн», «Автосыз күн», «Пластиксіз күн», «Полиэтиленсіз күн», «Дүниежүзілік қоршаған орта күні», «Жасыл апта», «Жер Сағаты», «Ең экологиялық отбасы», «Батареяны тапсырыңыз – кірпі өмірін сақтап қалыңыз», «Макулатураны тапсырыңыз – ағашты сақтаңыз», «Жасыл кеңсе» және «Суды үнемде».

ҚТЖ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы теміржол саласында экологиялық жауапкершілікті және ресурстарды тұрақты пайдалануды арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.