16.03

img



«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Нұрлы Жол – Семей» қатынасындағы №353/354 жолаушылар пойызы Нұрлы Жол станциясынан тақ күндері, айналым бойынша Семей қаласынан жұп күндері жүретінін хабарлайды.
Пойыз схемасында 9 вагон, оның ішінде 4 купе, 5 плацкарт.

Әйелдердің жолаушылар вагоны №3 реттік нөмірмен жүреді.

1993 жылы шығарылған вагон пойыз құрамына уақытша енгізілді, барлық жоспарлы жөндеу түрлері уақтылы жүргізілген.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамын жаңарту аясында Петропавл қаласындағы «Зискто» ЖШС өндірген 61-45 сериялы жаңа вагондар алынды.

Пойыз құрамы жаңа вагондармен толығымен жаңартылды: 2025 жылы шығарылған 5 плацкарт вагон, 2026 жылы шығарылған 3 купе вагон және 2014 жылы жасалған 1 штабтық вагон жүре бастайды.

Осыған байланысты, а.ж. 17 наурызынан бастап №18777 зауыттық нөмірі бар жаңа әйелдер вагоны жолға шығады.