06.03

img



Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында мерекелік құттықтау акциясы өтіп жатыр. Акция аясында мыңнан астам әйел жолаушыға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталуда.

Таңертеңнен бастап еліміздің әртүрлі бағыттарында қатынайтын пойыздарда жолсеріктер әйел жолаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, гүлдер мен шағын сыйлықтар ұсынып келеді. Көптеген жолаушылар үшін мұндай ықылас күтпеген жағымды тосынсыйға айналып, шынайы қуаныш пен алғысқа себеп болуда. Сондай-ақ бірқатар пойыздарда мерекеге орай арнайы тақырыптық безендірулер жасалып, жол үстінде ерекше көктемгі атмосфера қалыптастырылған.


Ұлттық тасымалдаушы мен Kaztechnology компаниясы бірлесіп ұйымдастырған бұл құттықтау акциясы соңғы жылдары жақсы дәстүрге айналды. Оның мақсаты – сапар барысында әйел жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастыру.