10.10

img



«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне маусымдық жеңілдіктер мерзімін ұзартты. Енді жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында 7 бағытқа билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Билеттер саны шектеулі.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

  • № 9/10 «Астана – Алматы»
    Вагон түрі: отыратын (2С)
    Жеңілдік: 40% — пойыз жөнелтілуіне 45-тен 10 күнге дейін сатып алынған орындарға;
  • № 65/66 «Астана – Жезқазған»
    Вагон түрі: туристік (2Д)
    Жеңілдік: 25% — купелік орындарға;
  • № 67/68 «Астана – Өскемен»
    Вагон түрі: туристік (2Д)
    Жеңілдік: 30% — үстіңгі сөрелерге;
  • № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»
    Вагон түрі: купе (2К)
    Жеңілдік: 25% — үстіңгі орындарға;
  • № 351/352 «Алматы – Өскемен»
    Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
    Жеңілдік: 30% — үстіңгі орындарға;
  • № 691/692 «Атырау – Ақтөбе»
    Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
    Жеңілдік: 20% — үстіңгі орындарға.

Күн сайын қатынайтын пойыз:

  • № 11/12 «Алматы – Шымкент»
    Вагон түрі: туристік (2Д)
    Жеңілдік: 25% — купелік орындарға.

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе вокзалдағы билет кассаларынан алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне қоңырау шалуға немесе WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне хабарласуға болады.