22.08

img



«Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы жолаушыларға көрсетілетін қызмет деңгейін арттыру және жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында филиалдар мен пойыз бригадаларына кешенді тексерулер жүргізіп келеді.

Тексеріс нәтижесінде Оңтүстік филиал, «Вагонсервис» АҚ және «Қала маңы тасымалы» филиалының Алматы учаскесінде жолаушылар легінің артқаны анықталды. Сонымен қатар, кейбір бағыттарда пойыз қозғалысы жоспарының орындалмауы, вагондарға ағымдағы жөндеу жұмыстарының көбеюі және кондиционерлердің дұрыс жүмыс істемеуіне байланысты шағымдар байқалды.

Тексеру нәтижесі бойынша филиалдарға пойыз қозғалысы кестесін қайта қарау және вагондардың техникалық жағдайына бақылауды күшейту міндеттелді.