20.06

img



Демалушылар арасында танымал Жалаңашкөл және Көктұма станциялары вокзалдарында жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесін ескере отырып, қызметкерлердің жылжымалы жұмыс кестесі ұйымдастырылды. Ақши станциясының вокзалы тәулік бойы жұмыс істейді.

Жазғы маусым қарсаңында вокзалдарда санитарлық аймақтар, күту аймақтары жаңартылды, жарықтандыру жақсартылды және іргелес аумақ жабдықталды.

Жолаушыларды уақтылы хабардар ету үшін барлық вокзалдарда дауыс зорйтқыш байланыс жүйесімен қамтылған. Жалаңашкөл және Ақши станцияларында билет кассалары жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес вокзал шаруашылығы объектілерін жаңғырту жұмыстары басталды, ағымдағы жылы Жалаңашкөл, Ақши және Көктума станциялары вокзалдарында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.